Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді

09.11.2023, 22:09
998
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді kazpravda.kz

Оқиға Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Bau мейрамханасындағы Гастроцентрде 1992 жылы туған әйелдің жедел жәрдем келгенше қайтыс болғаны белгілі болды.

Полиция ұсталған адамның аты-жөнін атамады. Алайда оқиғаны растады.

"Астана қаласының полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болғанын, оның салдарынан әйел адам алған жарақаттары нәтижесінде көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл ауданы полиция департаменті және полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр”, – делінген полицияның хабарламасында.

Қуандық Бишімбаевтың әйелі 1992 жылы туған Нүкенова Салтанат Амангелдіқызы. Бұл бұрынғы министрдің екінші әйелі. Бірінші әйелі Назымнан соттан кейін ажырасып кеткен.

1980 жылы туған Қуандық Бишімбаев 2017 жылы қамауға алынғанға дейін жоғары лауазымды қызметтер атқарған.

2009-2010 жылдары Президент Назарбаевтың көмекшісі қызметін атқарған. Одан кейін Сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, "Самұрық-Қазына" қоры басқарма төрағасының орынбасары болды. 2013-2016 жылдар аралығында "Бәйтерек" АҚ басқарма төрағасы, 2016 жылы бірнеше ай Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

2017 жылдың 10 қаңтарында Бишімбаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды.

2018 жылдың 14 наурызында ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде бұрынғы шенеунік бостандыққа шықты. Шымкент қаласының Абай аудандық соты оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды