Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасы Түркиядағы кітапханалардың бірінен табылды

10.11.2023, 11:21
960
Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасы Түркиядағы кітапханалардың бірінен табылды Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлы ойшылдың бірегей қолжазбасы Түркияға жұмыс сапары кезінде Сүлеймания кітапханасынан табылған. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Түркиядан табылған ұлы ойшыл, ғұлама, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды. Ғұлама ойшылдың бірегей қолжазбасы Түркияға жасалған сапарда Сүлеймания кітапханасынан табылды.

«Музыкалық салаға кіріспе» еңбегі 1257 жылдың 3 маусымында жарық көрген. Араб тілінде жазылған қолжазба 243 беттен тұрады. Аталған туынды күні бүгінге дейін толық зерттелмеген.

Реставратор маман Жансерік Бейсенқұловтың айтуынша, қолжазбаның көшірмесі табылғаннан кейін үш апта ішінде басып шығарылған.

«Музыкалық салаға кіріспе» қолжазбасы үш бөлімнен тұрады. Еңбекте музыкалық өнердің принциптері, негізгі терминдер және музыка пәні қамтылған. Кітапта  музыкалық аспаптар мен әр түрлі әуендердің шығармаларына, категориясына және басқа да аспектілеріне кеңінен тоқталған.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары 2022 жылы "Архив-2025" жобасы аясында Ресей, Татарстан, Башқұртстан Республикалары, Түркия, Венгрия, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Мысыр және Катар мемлекеттеріне 11 ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Олар тарихи құжаттарды зерттеу және сақтау бойынша түрлі жобаларды іске асырды.

Мамандар отандық және шетелдік архивтер мен музейлерден кітапханалар мен ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды іздеу-анықтау, көшірмесін алу жұмыстарын жүргізіп, тарихи құжаттардың көшірмелерін елге әкелді.

ҚР МАМ архив, құжаттама және кітап комитетінің төрағасы Қуат Бораштың айтуынша, қазіргі таңда тарихымыздың ақтаңдақ беттерін түгендеп, тың деректермен толықтыру мақсатында елге жеткізілген  қолжазбалар мен архивтік құжаттар мамандардың қатысуымен зерттелуде.

Барлық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу жоспарланған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды