«АрселорМиттал Теміртауға» 1 млн теңге айыппұл салынады
Бұл туралы smartnews.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Қарағанды облысы бойынша энергетикалық қадағалау департаменті хабарлауынша, компанияға тиесілі Теміртаудағы №2 жылу электр орталығына жылу маусымына дайындық паспорты берілмеген. Кәсіпорын №4, 5 қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесін өткізіп алған. Сондай-ақ 16 жыл бұрынғы ақауы бар қондырғылар жаңартылмаған. №5 қазандықта 12 коллектор ауыстырылмаған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші