Қазақстан елшілігі ұйымдастырған «AIFC Connect: Singapore 2023» іс-шарасына 50-ге жуық сингапурлық компания қатысты

10.11.2023, 12:42
850
Қазақстан елшілігі ұйымдастырған «AIFC Connect: Singapore 2023» іс-шарасына 50-ге жуық сингапурлық компания қатысты Әуез Қанаш / АХҚО

Қазақстан мен Сингапур бірлесе бизнесті дамыту мен нарық жайын талқылады. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшілігінің қолдауымен аталған елде «AIFC Connect: Singapore 2023» іс-шарасын өткізді. Бизнес кездесуде халықаралық инвесторлар мен белді қаржы сарапшылары жиналып, олар Қазақстан мен Орталық Азиядағы бизнесті дамыту перспективаларын, соның ішінде капитал нарығы мен активтерді басқару салаларын талқылады. 

Әуез Қанаш / АХҚО Фото: АХҚО

Жиынды Қазақстан Республикасының Сингапур, Австралия одағы мен Жаңа Зеландиядағы Елшісі Асқар Құттықадам ашты: «Қазақстан мен Сингапур - тұрақты саяси диалог пен экономикалық байланыстарға негізделген берік әрі ұзақ мерзімді әріптестік құрған дос мемлекеттер. Біз Сингапурды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басты саяси-экономикалық серіктес ретінде көреміз. Өз кезегінде Қазақстан Сингапурдың Орталық Азия елдері арасындағы жетекші серіктесі ретіндегі рөлін нығайтуға ниетті. Сингапурдың 8-ші Президенті аса мәртебелі Халима Якоб ханымның биыл мамыр айындағы Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары серіктестігіміздің жаңа кезеңін ашты. Бұл оқиғаның басты нәтижесі әртүрлі салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту бойынша өзара міндеттемелерді нығайту болды». 

Панельдік сессияға қатысушылар көптеген мәселелер бойынша өз білімдері мен ұсыныстарын алға тартты. Мәртебелі баяндамашылар арасында Тек Кхан Онг (Templeton Asset Management компаниясының бас директоры), Алексис Нг (Ashmore Сингапур өкілдігінің басшысы және Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша директоры), Джеймс Тан (Quest Ventures басқарушы серіктесі) секілді тұлғалар сөз сөйледі. Панельдік сессияны Das Family Office-тің серіктес әрі стратегі Райнер Майкл Прайс жүргізді.   

Әуез Қанаш / АХҚО

АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров елдер арасындағы екіжақты қатынастардың перспективалары және ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді: «Қазақстан және Сингапур Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында екі ірі сауда әрі инвестициялық әріптес болғандықтан, біздің елдеріміз арасындағы қатынастардың негізгі құрамдас бөлігі экономикалық ынтымақтастық екендігі сөзсіз. Сингапурдың Қазақстанға салған инвестицияларының жалпы көлемі 1,35 млрд доллардан асып кетті. Қазақстанда қаржы және сақтандыру қызметін, өңдеу, тау-кен өнеркәсібі сияқты ауқымды салаларды қамтитын 90 бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұдан бөлек, елімізде көтерме және бөлшек саудада, кәсіптік, ғылыми-техникалық салаларда 143 сингапурлық компания жұмыс істейді. Орта дәліз деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты екі серіктес мемлекет үшін де жоғары көлік әлеуетін көрсетуде. АХҚО осы және басқа да трансұлттық жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды ұсынуды жалғастырып келеді». 

Іс-шара аясында екі панельдік сессия өтті. Бірінші сессия өзінің қарқынды өсуінің арқасында өзіне назар аудартқан технологиялық тұрғыдан дамыған AIX қор биржасының пайда болуы жағдайында Қазақстанның капитал нарығындағы тартымды инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеуге арналды. 

Екінші панельдік сессия АХҚО-ның өңірдегі активтерді басқару индустриясын дамытудағы әлеуетін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің нарығына шығуға ұмтылатын осы саланың жаһандық компаниялары алдында тұрған перспективалар мен проблемаларды зерделеуге бағытталды.  

Әуез Қанаш / АХҚО

АХҚО Әкімшілігі Басқарма төрағасының м.а. Темірлан Мұханбетжановтың айтуынша: «АХҚО юрисдикциясы компанияларға айтарлықтай артықшылықтар береді, соның ішінде ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген құқықтық база, тәуелсіз қаржылық реттеу, дауларды шешудің бейтарап тетіктері, икемді корпоративтік басқару және қолайлы салық режимі. АХҚО кең спектрлік қызмет ұсына отырып, тек қаржылық компанияларды ғана емес, сондай-ақ қаржылық емес компанияларды, кәсіби қызмет көрсетушілерді де тіркеуде. Бүгінде АХҚО юрисдикциясында криптомайнинг және деректерді өңдеу, IT, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, сауда, қаржылық қызметтер және т.б. салаларда қызмет көрсететін 29 сингапурлық қатысушы компания өз бизнесін белсенді түрде дамытуда». 

Аталған бизнес отырыс өзара тәжірибе мен білім алмасуға, тараптар арасындағы түсіністік пен байланысты ілгерілетуге ықпал ете отырып, инвестицияларды тартуға жәрдемдесуге, капиталдың серпінді әрі өтімді нарығын құруға және инновацияларды ынталандыруға жұмыс істеп жатқан қаржы орталығы – АХҚО шеңберінде іскерлік байланыстар орнатудың маңыздылығын көрсетті. Қаржы нарығының алдыңғы шебінде бола отырып, АХҚО Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан инвесторларға ұсынатын мүмкіндіктерді ары қарай ілгерілетуді жалғастыра береді

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды