Батыс пен АҚШ көмекті үзсе де Украина соғысты жалғастыра бермек

10.11.2023, 13:05
555
Батыс пен АҚШ көмекті үзсе де Украина соғысты жалғастыра бермек crimea.ria.ru

Зеленский соғысты тоқтату үшін өз шарты барын жеткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Украинадағы соғыстың барысында соңғы уақытта тосын оқиғалар тізбегі өтіп жатыр. Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт келісімге келу үшін қандай шарт қойылатынын айтты.

Украина Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы генерал Валерий Залужный ағылшындардың күнделікті шығатын The Economist журналына үлкен сұхбат берді. Мұнда бас қолбасшы Украина соғыстың жаңа деңгейіне өтуге мәжбүр екенін Батысқа тиістіре айтты және бұл соғыс белгісіз уақытқа дейін тоқтамауы мүмкін екенін де келтірді. Тіпті Батыс пен АҚШ көмекті үзген күнде де соғыс позициялық әдіспен жүре берсе керек. Яғни екі жақ бірін-бірі ала алмайды, бірақ екеуі де мықты бекініске орналасып, атыс-шабысын жалғастыра береді.

Фото: 24tv.ua, Валерий Залужный

Қарап отырсаңыз қазірдің өзінде Ресей жағы осындай позициялық соғыс әдісіне өтіп жатқан сияқты. Әрі Ресейдің соғыстағы белсенділігі соңғы апталарда артып та жатыр. Әлем Израиль мен Палестина соғысымен болып жатқанда Ресей өзінің проблемаларын шешіп алып отырған сияқты. Қару-жарақ өндірісі тоқтаған жоқ, сырттан талай нәрсе барып тұр. Солтүстік Кореядан тұтас эшелондар ағылды. Оның ішінде Қытайдың дрондары, снарядтары деген сияқты бұйымдары болуы да мүмкін.  

Алдымен Зеленскийдің шартына келсек, ол бейбіт келісімге кетәрі еместігін, бірақ бұл іс Ресейдің қатысуынсыз жүзеге асырылуы керектігін ашық айтып отыр.

Украина бұл мәселеде Бразилияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Африка елдерінің және басқа мемлекеттердің бейбіт бастамаларын тыңдауға дайын, алайда Ресейдің өзі де, сөзі де бұл жерде керек емес дегенге келтіреді. Оның сөзінше, Ресей әскері өз жеріне кетуі тиіс, соғысты осы әрекет қана тоқтатады.

Фото: Brendan McDermid / Reuters, Владимир Зеленскийдің бейнеконференцияға қосылған сәті

«Егер тоқтамға келу біздің территориямыздың есебінен болса, онда әлемнің басқа аумақтарында не боларын сіздер түсінулеріңіз керек. Сол сәттен бастап барлық жердегі территориялар үшін қауіп төнеді», – деді Украина президенті АҚШ-та өткен конференцияға бейнебайланыс құралымен қатысқанда.

Зеленский Ресейдің сөзінен өзге кез келген елдің сөзін Украина тыңдауға дайын екенін білдіре отырып, Ресей әскері алдымен Украина аумағынан кетсін дейді. Украина президенті АҚШ-тың республикалық партиясының тізгінін ұстап отырған саясаткерлердің сөзіне алаңдаушылық білдіретінін де жеткізді. Өйткені республикалықтар АҚШ-тың Украинаға қару-жарақтан көмектесуіне үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жатыр. Осының салдарынан АҚШ Конгресінің өзі қарама-қайшылыққа толып барады.

Фото: Elizabeth Frantz / Reuters, АҚШ Конгресінде

Жақында төменгі палатаның спикерлігіне республикалық партияның өкілі сайланған еді. Ол Дональд Трампқа жақын саясаткерлердің бірі. Демек Украинаға қырын қарайтындардан болып шықты. Ол қызметіне кірісердің алдында төменгі палатаға Украина мен Израильге бірге берілетін көмек пакеті жөніндегі заңнама түскен еді. Жаңа спикер бұл заңнаманы бұзды. Яғни тек Израильге ғана 14,3 миллиард доллар көмек жөніндегі бөлігін қалдырып, Украинаға тиесілі 60 миллиард доллардан астам қаражатты заңнамадан бөліп шығарып тастады. Содан кейін дауысқа салынып, көмек пакетінің заңнамасы көпшілік дауыспен қабылданды. Бірақ бұл құжат әлі сенаттан өтіп, президентке түсуі керек. Президент қол қоймайтыны осы бастан айтылып жатыр. Негізінен, көмек үшін қаржы қаралғаны болмаса, ондай көмек ақша күйінде жеткізілмейді. Мұнда, мысалы, қаржының едәуір бөлігі көмек үшін Америкада жасалынатын жұмыстардың шығынына есептеледі. Жобалау, өндіру, жалақы беру, жеткізу, оқыту деген сияқтының бәрі де сол көмек қаржысының есебінен. 

Зеленский де, генерал Залужный да көмек келмеген күнде де соғыс тоқтамайтынын меңзеп отыр. Себебі Ресейдің өзі соғысты тоқтатқысы келмейді. Ресей ұзақ соғысуға бекінген сияқты. Ал Украина бұл соғысты өз жерін беріп аяқтағысы келмейді. Соғыстың өзі екі тарап үшін де күрделі болып тұр, екі жақ та тығырыққа тірелгендей күйде. Генерал Залужныйдың сұхбатында айтылғандай, жағдай итжығыс болып жылдарға жалғасып кете беретін позициялық соғысқа ұласатын сияқты. Мысалы, еврейлер мен палестиналық арабтардың арасындағы соғыстың тоқтамай келе жатқанына ғасырға жуықтады. Әрине, бұл жақтағы соғыс ондаған жылға созыла көрмесін, тоқтағаны бүкіл әлем үшін жақсы. Президент Зеленский мен генерал Залужныйдың сөздеріне АҚШ пен Батыс құлақ асып, соғысты тоқтатуға күш салғандары жөн деген пікір әлемде басым.

Фото: Reuters, Владимир Зеленский Вашингтонда

АҚШ президенті Джо Байдан Украинаға көмекті тоқтатпаудың бар амалын жасап бағуда. Бірақ бұл оның ғана қолында емес, бұған АҚШ қоғамы мен конгрессі араласады, кедергі жасайды. Соған қарамастан Джо Байдан билікте тұрғанымда қолдан келгенше қолдаймын деп жанталасып жүр. Келесі президент сайлауында Байденнің мүмкіндігі аз. Себебі ол қарт адам, ендігі мерзімге өте алмаспын деген ойы да бар шығар. Сол үшін үлгеріп, Украина мәселесін біржола шешіп кеткісі келеді.

Келесі жылы өтетін президент сайлауына АҚШ-та кімдердің түсуі мүмкін екенінің шет жағасы қылтия бастады. Соңғы күндері саясаткерлердің арасында бұрын президент болған Барак Обаманың аты аталып жүр. Ол демократиялық партияның өкілі. Қазіргі күнде партияластары мен жақтастары оны президент сайлауына түсіріп, тағы да президент ету бастамасын шығарып жүр.

Олардың ойларынша, Барак Обама Дональд Трампты сайлауда он орап кетеді, ал Джо Байденнің жасы ұлғайған әрі шамасы таусылып келеді. Сондықтан әлі жастау, 1961 жылдың түлегі Барак Обама үшін мүмкіндік оңынан келіп тұр деп жатыр. Кім білсін, Барак Обаманың өзі сайлауға түсуге келісім бере ме, жоқ па...

Ал егер келіссе және екінші рет президент болып кетсе жаман емес деген пікір көп. Оны қазіргі Байденге қарағанда еті тірілеу, шешімді жылдам қабылдайды, жұмысты шұғыл бітіретін ширақ адам деп жатады. Мысалы, кезінде адам қолы жетпейтін шатқалдар мен жықпыл-жықпылдарда, жер асты жолдарында бой тасалап жүрген Усама Бен Ладеннің көзін жоюға бұйрық берді және ол бұйрық табанда орындалды. Осы сияқты табандылығы да бар. Ал алдағы сайлауға тағы кімдер килігетіні әзірге белгісіз. Мүмкін Барак Обамадан да зор біреулер бой көрсете ме, кім білген. 

Фото: nv.ua

Жақын арада Украинада да президент сайлауы өткізілуі тиіс. Бірақ соғыс жағдайында қайдағы сайлау өткізу, ол болмайды деген пікір басым. Дегенмен, мұнда да неше алуан оқиғалар болып, қауесет сөздер айтылып  жатыр. Мысалы, кешегі сұхбатынан кейін Залужныйдың президентпен жанжалдасуының алғашқы қадамы басталды, Залужный енді президент сайлауына түсуге дайындалып жатыр деген сөздер пайда болды. Бұл, әрине, Украинаны қақ жарып, берекесіздікке ұшыратуды армандап келе жатқан Ресей үшін майдай жағатын сөздер. Сондықтан жай ғана тілден шыққан қауесет немесе қаңқу сөз деуге келеді.

Шын мәнінде Зеленский мен Залужныйды ұрыстыру үшін қарсы жақтың арнайы қызметі мен насихатшылары көп жұмыс істеп келеді. Бірақ оның бәрі нәтиже берген емес. Мұнда ұрыс-жанжалдың ұшқыны да жоқ. Әрі Залужный президент сайлауына түсетін адам емес. Ол келешекте Украинамен бірге НАТО-ға кірсем, сол НАТО-ның белді генералына айналсам деген адам. Ал президент сайлауына Украинада Алексей Арестович деген саясаткер түскісі келіп жүр. Ол өзінің осы сайлауға түсетінін, қазіргі шаршаған, дұрыс шешім қабылдаудан қалғанын билікті ауыстыру керектігін айтып жүр. Арестович соғысты тоқтату үшін Ресейге жердің біраз бөлігін қиып, содан кейін НАТО-ның құрамына еніп тыншу керек дегенді айтты. Ал мұндай сөз Украина халқына да, қазіргі билігіне де ұнап жатқан жоқ. Арестович президенттің штаттан тыс кеңесшісі болған, қазір шет елде жүрген көрінеді.

Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)