Түркия Израильге қарсылық ретінде Mastercard пен Visa карталарынан жаппай бас тартып жатыр
Mastercard пен Visa карталарының орнына жергілікті Troy картасын қолданбақ. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
8 қарашада түрік газеті Yeni Şafak хабарлағандай, Батыс елдерінің төлем жүйелеріне бойкот жариялау Израильде жасалған тауарлардан бас тартудың жалғасы болмақ. Сондықтан түрік азаматтары MasterCard және Visa карталарын пайдаланудан бас тартып, өз елінің Troy төлем жүйесін артық көріп отыр.
Белгілі болғандай, қазан айындағы жағдай бойынша елде берілген Troy карталарының саны 19 миллионға дейін өскен. Ал олардың көмегімен жасалған транзакциялар көлемі 47,9 миллиард түрік лирасына дейін артқан.
Газет Visa және Mastercard төлем жүйелері арқылы жасалған әрбір сатып алудың 4%-ы шетелге кететінін атап өтті. Сондықтан Түркия азаматтары израильдік капиталы бар брендтерге немесе Израильге тікелей көмек көрсететін компанияларға реакция ретінде оларды Troy картасына ауыстырып жатыр. Осылайша шығыстардан шегерілетін алымдар елде қалады.
Шілде айында 17,9 миллиард түрік лирасын, тамызда 24,1 миллиард, ал қыркүйекте 30,5 миллиард лираны құраған Troy карталары бойынша сатып алулар қазан айында бірден 17,4 миллиард лираға — қолма-қол ақша алуды есептемегенде 47,9 миллиард лираға дейін өскен.
Материал авторы