"Мемлекеттік қызметке креативті, еңбекқор жастар керек" – МҚІА төрағасы

10.11.2023, 14:57
789
"Мемлекеттік қызметке креативті, еңбекқор жастар керек" – МҚІА төрағасы Ерлан Омаров/ МҚІА

МҚІА төрағасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университетінің студенттерімен кездесті. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) төрағасы Дархан Жазықбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында МҚІА төрағасы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыруда жастардың маңызды рөлі туралы айтып, бүгінде мемлекеттік аппаратқа креативті және еңбекқор жастар қажет екендігін атап өтті.    

Фото: Ерлан Омаров/ МҚІА

Дархан Жазықбай студенттерге Агенттікпен мемлекеттік қызметті дамыту бағытында іске асырылып жатқан шаралар, оның ішінде іріктеуді цифрландыру және жастар үшін мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндіктері туралы айтты.

Ағымдағы жылдан бастап «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес жоғары оқу орындарын GPA 3,33-тен төмен емес көрсеткішпен бітірген 78 түлек аудандық және ауылдық округтерде конкурссыз төменгі лауазымдарға тағайындалды, оның ішінде 7 жас маман ЕҰУ-ның түлегі. Агенттік үміткерлерге онлайн және 24/7 режимінде конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін «Е-қызмет» жүйесі базасында мемлекеттік қызметке іріктеу процесін толық цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Фото: Ерлан Омаров/ МҚІА

«Біздің міндет – сапалы кадрларды тауып, мемлекеттік аппаратқа тартып, іріктеп алу арқылы кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру. Болашақта сіздерге де осы қатардан көрінуге мүмкіндік бар», – деді МҚІА төрағасы.

Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелеріне тоқталып, өткен жылдардағы тәжірибе жастар арасында жобаның жоғары танымалдылығын көрсеткендігін атап өтті. Ол өңірлердегі жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт болуға бағытталған Өңірлік жастар кадр резервтерін құру туралы жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, аймақтарда талантты жастарды іздеу, оларға қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру және ынталандыру жұмыстарын жүргізетін жас мемлекеттік қызметшілердің мектептері жұмыс жасауда.

Фото: Ерлан Омаров/ МҚІА

МҚІА төрағасы кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызықтырған мәселелерді талқылады. Сондай-ақ болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жастарға жеке мүдделерді емес, қоғамдық игілікті ойлау қажеттілігіне назар аударды.

Фото: Ерлан Омаров/ МҚІА

«Орталарыңызда болашақта мемлекеттік қызметке келемін деген жастар болса, менің сіздерге айтарым – басты мақсат – үлкен бастық болу емес, ел игілігі үшін қызмет ету болуы керек. Мақсат жеке мансаптық амбицияларға емес, ең алдымен қоғамдық мүдделерге негізделуі керек», – деді Дархан Жазықбай.

Кездесу соңында Агенттік төрағасы Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің қатысушыларына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысқан тұлғаларға алғыс хаттар табыстады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды