5 мың адамнан 30 миллиард теңге жинап алып бермей кеткен әйел

10.11.2023, 15:40
888
5 мың адамнан 30 миллиард теңге жинап алып бермей кеткен әйел видеодан алынған кадр

Whatsapp арқылы күдікті Айс Мұратова 30 миллиард теңге жинап алып, барлығын алдап кеткен. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматының тұрғындарын алдап, миллиардтаған теңгесін үптеп кеткен әйелдің үстінен жуырда 21 адам арызданған екен. Оның тергеуі жүргізілгені және үйқамақта отырғаны айтылғанымен, сол алданған адамдардың өздері көшеде адамдарды тағы да алдап жүрегін көріпті. 

Ол әйел адамдарды алдап-арбау үшін бар өнерін салып, Қытайдағы өндіруші компаниялардан тауарды арзан бағаға жеткізіп беремін, қолымда пәленбай адам жұмыс істейді деп сендіретін болыпты. Не керек, әлгі арызданған 21 адамның өз қолдарымен берген ақшалары шамамен 3 миллиард теңгеге барған көрінеді. Арызданушылардың тізіміне енбеген алданғандар да аз емес деп жатыр. 

Әлгі әйел тапсырысты Whatsapp арқылы қабылдайды екен. Ешқандай келісім-шартсыз, ауызекі уәдемен-ақ миллиондаған теңге ақшаны шотына телефон арқылы аудартып ала қояды екен. Содан ертең-ертеңмен тойдырып, созбалаңға салады. 

Фото: Instagram / aray_aray94

Алданғандар Қытай зауыттарынан тауар сататын Whatsapp желісіндегі топқа ақша төлеп қосылған екен. Ұнағанын таңдап, тапсырыс берген. Әлгі әйел тауардың уақтылы берілетініне көтерме саудамен айналысқысы келетін адамдардың көздерін жеткізген соң олардан миллиондарға тапсырыс қабылдаған. Бірақ соңында ақша да, тауар да жоқ болып шыққан. Көтерме саудамен айналысатындардың өзі тауарды алатын клиенттерінен ақша жинап өткізген. Осыдан барып сол көтерме саудагерлердің әрқайсысының соңынан қыруар ақшасын ала алмай шұбап жүрген адам көп.

Не деген жанкешті алаяқтық десеңізші. Ешбір ойланбастан көп адамнан ақша жинап, миллиардтаған теңгені иемденіп түк болмағандай болып жүре беру үшін қандай адам болу керек? Таң қаларлық емес пе? Алаяқтық әрекетті істеушілер заңнан қорықпайтын болса керек. Оларға қатысты заң қатал емес деп жатады. Көп жағдайда бас бостандығынан айыру жазасының тағайындалуына жеткізілмей ме, кім білсін. Әйтеуір бүгінде алаяқтардан батыр адам жоқ. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері алаяқты мазалауға да құқығын бұзбайын деп бата алмайтын сияқты әсерде қаласыз. Адамдар да алды-артын ойламайтын болып барады. Әлгі әйелге 400-500 миллион теңгелеп бергендер көп. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ақшасын беріп алданып қалғандар 130 адам. Ішінде 600 миллион теңге бергендері де бар. 

Ел ішінде сөз жата ма, бұл жағдай туралы әңгіме Парламент Мәжілісіне де жетті. Депутаттар бұл не деген масқара деп алаңдап,  Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдады. Елді қан қақсатқан әйелдің толық аты жөні де Парламент Мәжілісінде аталды. 

Депутат Дәулет Мұқаев жалпы алаяқтық жағдайға тоқталды, статистикалық деректерді келтірді. 2022 жылдың өзінде интернет алаяқтық бойынша 20 444 дерек тіркеліп, 16,5 миллиард теңгеге залал келген. Ал биыл жыл аяқталмаса да, 15 мыңға жуық дерек тіркеліп, зардап саны 11 миллиардтан асты. Алаяқтардың құрбандары – көбінде үйде отырған аналар мен қыз-келіншектер көрінеді.

Фото: parlam.kz

Дәулет Мұқаевтың айтуына қарағанда, Интернет алаяқтықтың түр-түрі бар. Ол соңғы уақытта кеңінен етек жайып келе жатқан әлеуметтік желі арқылы «байер» деген атаумен Қытай, Түркия, АҚШ-тан арзан тауар жеткізушілер көбейгенін айтады. 

«Бірі елімізде тіркеліп, заңды жұмыс істесе, енді бірі толығымен халықты алдап кетуде. Солардың бірі елде лақап атымен танымал болған – Айс Мұратова. Шын аты - Арайлым. Ол соңғы 2 жылда халықтың сеніміне кіріп, сауда жасап өзін жақсы жағынан жарнамалаған. Оның ішінде, Қытайдан арзан тауарлар, ыдыс-аяқтар жіберемін деген. Әлеуметтік желі арқылы өзін ірі кәсіпкер ретінде көрсетіп, қол астымда заңды жұмысшыларым бар деп елді сендірген», – дейді депутат.

Белгілі болғанындай, басында аз-маз ақшаға қажетті тауарларды жіберіп, кейін ірі сомаға жеткенде барлық салымшыны бір күнде алдаған. Содан бері не тауар, не ақша қайтарылмаған деп жатыр.

Әлгі әйел еліміздің әр өңіріндегі 5 мыңнан астам азаматтан жалпы соммасы шамамен 30 миллиард теңге жинап алып, барлығын алдап кеткен.

Дәулет Мұқаевтың депутаттық сауалда: «Құрметті Берік Ноғайұлы! Бұл мәселе күннен-күнге ушығуда. Алданған отбасылардың жағдайы ауыр. Қаншама шаңырақ шайқалуға жақын. Бұл схема, таза қаржылық пирамидаға ұқсайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, тергеу жұмыстары әділ жүргізіліп, іске қатыстылардың барлығына тиісті жаза қолдану керек. Себебі алданған адамдар тергеудің әділетті өтетініне сенбей, жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Сондықтан да бұл мәселені өзіңіздің жеке бақылауыңызға алуды сұраймын» деген жолдар бар.

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды