«Жаманның сандырағы келді»: Заттыбек Көпбосынұлы Ақбота Керімбековаға қатысты оқиғасын айтып берді

10.11.2023, 17:29
21608
«Жаманның сандырағы келді»: Заттыбек Көпбосынұлы Ақбота Керімбековаға қатысты оқиғасын айтып берді жеке парақшадан

Бұл туралы smartnews.kz сайты ernur.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ұйқым келмейді» бағдарламасына қонақ боп барып, отбасылық өмірі жайлы сыр шертті.

«...2018-жыл мен үшін ерекше жыл болды. Сол жылы әкемнің 80 жылдық мерейтойы мен қызымның тілашар тойын қосып өткіздік. Тойдан кейін Умра қажылығына барып қайттық. Келгесін наурыз айының бір жұмасында көкпар бердім. Тұп-тура тоғыз айдан кейін дәл жұма күні, жұма намазы кезінде Бихан деген ұлым дүниеге келді.

Қызымызды да он жыл күтіп, көрдік қой. 2012-жылы дүниеге келген. Сол жылы күзде шілдехана тойын өткіздік. Көптен күткен қуанышымыз болғасын тамыр-таныс, дос-жаранның бәрін шақырғанбыз. Өнердегі әріптес-замандастарымның бәрі келді. Сол тойда Ақбота Керімбекова менің қызыма сырға салды. 

Негізі Ақботамен бұрыннан жақсы араласамыз ғой. Сапарлас болған бір күнде Ақботамен сырымызды, мұңымызды айтып, әңгімелесіп қалдық. Сонда ол мені жұбатып, «Досым, ренжіме, әлі сенде ұл да, қыз да болады, әлі екеуміз құда боламыз» деп айтып еді. Ақботаның аузы дуалы ғой, «жаманның сандырағы келеді» дегендей, кейін қызды болдық қой. Өмірге келмей тұрып «құда боламыз» деп айтқаны бар, қызыма сырға таққанда қылп ете қалдым. Тойдың үстінде әкетіп қалатындай қызғанып, біртүрлі болдым.Енді алдағыны Алла біледі ғой», - деді Заттыбек Көпбосынұлы.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады