742

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты

Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты
polisia.kz

9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Материал авторы