Енді қазақстандықтар Сан-Мариноға визасыз бара алады
Қазақстан Сан-Марино өзара визасыз режим орнату туралы келісімге қол қойды.
ҚР Мальта және Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Сембаев және Сан-Марино Республикасының Сыртқы істер, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық және телекоммуникациялар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лука Беккари құжатқа қол қойды.
Енді Қазақстан азаматтары Сан-Мариноға алғаш келген күнінен бастап әрбір 180 күндік мерзімде 90 күн бойы визасыз жүре алады.
Сан-Марино Республикасы (Republica di San Marino) - Оңтүстік Европадағы мемлекет. Әлемдегі ең кішкентай елдердің бірі.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші