“Ұрып-соғып, қоймаға қамап қойды”: "Алтын Орда" базарында тағы дау шықты

11.11.2023, 17:39
1101
“Ұрып-соғып, қоймаға қамап қойды”: "Алтын Орда" базарында тағы дау шықты astanaTV

Бақылаушылар саудагерлерді қорлағаны рас па?

AstanaTV телеарнасының берген дерегінше, атышулы Алтын Орда базарында тағы дау шыққан. 100-ден аса кәсіпкер заңсыз ақша жинап, саудагерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, жұдырық астына алған базар бақылаушысына шағымданды. Айтуларынша ол әрбір кіріп-шыққан жеңіл не жүк көлігінен 30 мың теңге жинап, қалтасын қампитып жатқан көрінеді.

Басынан дау арылмаған Алтын Ордада тағы шу шықты. Бұрынғы басшылықтан зәбір көріп, әрең құтылған сатушылардың қуанышы ұзаққа бармады. Саудагерлерді қорқынышта ұстап, ақша жинаған Ербосын есімді азамат ескі әдетіне қайта басқан.

 - Осы Алтын Ордада жұмыс істегеніме 15 жылдай болды. 2018 ден 2021-ге дейін әбден қорлық, зомбылық, монополия осындай жұмыстар қатты болған. Бұрынғы команда кетті деп қазіргі кісілер қуанғанын, жұмыс істегеніне, тыныш болғанына 1 жыл болды. Жақындағы Алтын орданың басшылары бұрынғы кісінің оң қолын Ербосын деген кісіні қайтадан жұмысқа алған. Не үшін алды? Ол кісі келгелі барлығына бұрыңғыдай зорлық зомбылық, бұрынғы системасын бастап қойған. Әр машинасына ақшасын аламыз, ұрып-соғып, складқа кіріп алып қамап осындай істер болды, - дейді кәсіпкер Ардақ Айту.

Қалың жұдырықты бақылаушы өз тәртібін қайта орнатып, саудагерлерді үркітіп ақша жинаған көрінеді. Көнбегендерді ұрып, қоймаларға қамап қоятын - дейді кәсіпкерлер.

 - 30 мыңнан болды, өзіміз де бердік. Мына осында тұрған халықтың бәрі беріп жүрді. Әр кіргеніне 30 мың, чисто налогтан бөлек, күнделікті төлейтіннен бөлек кірген машинаға 30 мыңнан. Осы мына қара халық барлығын істеп жатқан. 01:37 Базардың берекесін қашырып жіберді. Әр кірген газель болсын легковой болсын 500 тг отдельно жинайды. Такистерден отдельно жинайды, - дейді кәсіпкер Алқар Айдаров

Ал өзге кәсіпкер жәбір көргенін айтады:

 - Алдыңғы күні Ербосын маған келіп, кішкене қорқытты. Үсен сен тыныш жүр, а то таяқ жеп қаласың деп айтты. Кетіп қалдым, үн деген жоқпын оған. Сүйтіп кеше жұмысқа келсем таңертең тұр екен. Келіп амандастым, сөйтсем мойнымнан қысып, қылқындырды. Қасында біреу болған, сол екеуі жабылып ұрып тастады мені, - дейді кәсіпкер Үсен Өмір.

Ал базар әкімшілігі бұл сұмдықтың бәрінен бейхабармыз деді. Тек саударгерлер келіп, шағымданғанда ғана ішкі тексерісті бастаған. Ербосын есімді азамат сынақ мерзімінде жұмыс істеді дейді.

- Бұл оқиға туралы біз таныспыз. Кеше кәсіпкерлер бізге келіп шағымданды. Бұл жағдай бойынша служебное расследование жүргізілді. Бұл жерде екі тарап та кінәлі деп есептейміз, өйткені саудагер жағынан да кішігірім провокациялық істер болды. Служебное расследование жүргізіліп жатқан жағдайда бүгінгі күнде ол біздің қызметкер жұмыстан босатылды, жұмыс атқармайды, - дейді “BIG CITY MARKET” ЖШС заңгері Ізбасар Өтеулин.

Қазір бұған қатысты Қарасай аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Базар бақылаушысы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты