8 алтын, 8 күміс, 14 қола: каратэшілер Азия чемпионатында командалық есепте бірінші болды

11.11.2023, 15:06
751
8 алтын, 8 күміс, 14 қола: каратэшілер Азия чемпионатында командалық есепте бірінші болды Туризм және спорт министрлігі

Алыс-жақын шетелді басып оздық.

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткен каратэден ересектер арасындағы I Азия ашық чемпионаты аяқталды.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Екінші орынға Иран (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) құрамасы жайғасса, үздік үштікті 2 алтын жүлдемен Біріккен Араб Әмірліктері қорытындылады.

Сары құрлық додасына алыс-жақын шетелден келген 10 құрамадан 140-қа жуық спортшы қатысты. Атап айтқанда, Алматы төрінде Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінің ең мықты спортшылары сынға түсті.

Жарыстың соңғы күнінде командалық сында жүлделер сарапқа салынып, кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы алтын, ал әйелдер қола жүлдеге ие болды.

«Отандық каратэшілерді I Азия ашық чемпионатында көрсеткен тамаша жетістігімен құттықтаймын. Мұның алдында жас жеткіншектеріміз де үздіктер қатарынан көрінсе, бұл жолы ересектер құрамамыз ел мерейін тасытты. Мұндай ірі жарыста, өз елімізде өткен байрақты бәсекеде үздіктердің үздігі болу қашанда маңызды. Сіздер бұл жетістіктеріңіз арқылы өскелең ұрпаққа зор үлгі көрсеттіңіздер», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бәсекеде алтын медальді Ұлмекен Жалғас (+68 кг), Бэлла Самашева (55 кг), Даяна Даренская (61 кг), Диас Анарбеков (+84 кг), Жоламан Биғабыл (60 кг), Ерсұлтан Тәңірберген (67 кг), Диас Ұлбек (84 кг) жеңіп алды.

Күміс жүлде ката бойынша Лия Қошқарбаева, Мәди Катешов, кумитеден Әйгерім Тұрсынбекова (50 кг), Гүлмира Үсенова (61 кг), Николь Ценгель (61 кг), Дархан Тимралиев (60 кг), Әбілмансұр Батырғали (75 кг), Айдос Мұхатқа (67 кг) бұйырды.

Сондай-ақ Ердос Кенжеғалиев (ката), Арина Якубина (+68 кг), Алина Сұлтанова (50 кг), Ақниет Шеризат (50 кг), Айжан Бакирова (61 кг), Венера Жақсыбаева (68 кг), Милана Власенко (68 кг), Айбек Шарап (60 кг), Дамир Нұрберген (75 кг), Азамат Марат (75 кг) және Никита Тарнакин (84 кг) қола медаль еншіледі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды