Қостанайда Kia автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын зауыттың құрылысы басталды

11.11.2023, 18:06
1099
Қостанайда Kia автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын зауыттың құрылысы басталды KZgovernment

Енді елімізде Kia көліктері шығарылады.

Құрылыс жұмыстарын ресми бастау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Осындай ірі өнеркәсіп нысанының құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Корея компаниясының басшылығымен уағдаластықтары нәтижесінде басталып отыр. 

Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында Президент Қостанайда Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін іске қосу рәсіміне қатыса отырып, өнеркәсіп кооперациясын одан әрі кеңейту және инженерлік базаны қалыптастырудың маңызын атап өткен болатын.

Фото: KZgovernment

Жоғары жалақы төленетін 1 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлік болмақ. 

Жобаға шамамен $250 млн тікелей шетелдік инвестициялар салынатын болады. 

Роман Скляр өз сөзінде Kia компаниясы алғаш рет Корея Республикасынан тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салып отырғанын атап өтті.

Фото: KZgovernment

«Қостанайда KIA автомобилдерін шығаратын толық циклді зауыт салуды машина жасау саласы үшін шын мәнінде серпінді жоғары технологиялық жоба деп атауға болады. Бұл жоба нақты мультипликативті әсер береді, инженерлік және техникалық кадрлардың жаңа буынын даярлау деңгейін арттыруға, сондай-ақ локализациялаудың келесі кезеңіне көшуді айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді», — деді Роман Скляр. 

Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде, содан кейін жабдықтар орнатыла бастайды. 

2025 жылдың бірінші тоқсанында зауыт пилоттық режимде іске қосылмақ, ал екінші тоқсанында өндірістің толық циклі ашылады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)