725

АҚШ-та жас жұбайлар той өткен соң ертесіне лотореядан 693 мың доллар ұтып алды

Аяқ асты сатып алынған билет байлыққа кенелтті.

АҚШ-та жас жұбайлар той өткен соң ертесіне лотореядан 693 мың доллар ұтып алды
ашық дереккөзден

Kazinform басылымының жазуынша, Мичиганда жас жұбайлар тойынан бір күн өткеннен кейін лотареядан джекпот ұтты.  басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мичиган штатының Ливингстон округінде тұратын 57 жастағы ер адам жақында жергілікті дүкеннен Diamond & Pearls лотореясының билетін сатып алған. Сол билет ұтыс алып келді.

- Мен үйленген күннің ертесіне билет сатып алып, қорғаныш қабатын сүрту үшін әйеліме бердім, - деді ұтыс иесі лоторея өкілдеріне.

Ол әйелі екеуі ұтыс көлемі миллион АҚШ доллары екенін түсінгенде өз-өздеріне сенбегенін айтты, деп жазды People басылымы.

- Біз шынында ұтыс иесі атанғанымызға сене алмай нұсқаулықты қайталап оқи бердік, - деп жалғастырды ол.

Лоторея өкілдерінің сөзінше, жеңімпаз бір реттік төлем арқылы 693 000 АҚШ долларын алады.

Аты аталмаған ұтыс иесі қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр, бірақ әзірге қалай екені белгісіз.

Материал авторы