840

Алматыда шетелдік туристер ағыны артты

Kazinform хабарлауынша, Алматыда биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік туристер саны 73%-ға өсіп, 261 мың адамнан асты. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы мәлімдеді.

Алматыда шетелдік туристер ағыны артты
canva.com
 

Туристердің жайлы демалысы үшін биыл 3 кемпинг аймақты (Ақбұлақ, ҮАК және Мыңжылқы) орнату жұмыстары аяқталды. Шатырлы орындар, төбесі жабық беседкалар, үстел-орындық, «Алтыбақан» ұлттық стиліндегі әткеншектер орнатылды.

Сонымен қатар Кіші Үлкен Алматы, Проходное, Бутаковка шатқалдарын абаттандыру жұмыстары аяқталып, Қарғалы шатқалында жұмыс қолға алынған. Маршрут бойында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық стендтер, қалқандар, тіректер, түрлі түсті нұсқаушы белгілер, беседкалар (әйнектелгендерді қосқанда), орындықтар, демалуға арналған платформалар, көпірлер мен қоршаулар орнатылған.