Халықаралық валюта қоры Қазақстанда қосылған құн салығының көтерілуін қолдайтынын мәлімдеді

12.11.2023, 13:48
646
Халықаралық валюта қоры Қазақстанда қосылған құн салығының көтерілуін қолдайтынын мәлімдеді stan.kz

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдерімен кездесу өткізді. Онда Қазақстан экономикасының даму перспективалары, сондай-ақ жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің жобаларына енгізілген реформалар талқыланды.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2029 жылға қарай экономиканың 6% өсуі және ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) екі есе артуына бірінші кезекте негізгі капиталға инвестицияларды ынталандыру есебінен қол жеткізіледі. Инвестиция көздерінің бірі жаңа тарифтік саясат болмақ.

Сонымен қатар ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесін арттыру, жоғары табысты салалар үшін КТС (корпоративтік табыс салығы) ставкаларын саралау, ЖТС (жеке табыс салығы) прогрессивті шкаласын енгізу, сән-салтанатты заттарға салық салу, жаңа Бюджет кодексінің жобасында ХВҚ ұсынымдарын имплементациялау, оның ішінде бюджет ережелерінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Халықаралық валюта қоры қосылған құн салығын 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді қолдап, бұл отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті.

ХВҚ миссиясының басшысы Николя Бланше елде жүргізіліп жатқан реформалар бойынша Халықаралық валюта қоры техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

ХВҚ миссиясының қорытындысы бойынша арнайы мәлімдеме дайындалады. Миссия 21-ші қарашада аяқталады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды