Жеңіс Қасымбек Астанадағы Жағалау шағын ауданының дамуы туралы айтты

12.11.2023, 14:17
1088
Жеңіс Қасымбек Астанадағы Жағалау шағын ауданының дамуы туралы айтты Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Жағалау шағын ауданы қалай дамитынын айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Instagram парақшасында жазба жариялаған әкім Жағалау шағын ауданы - қаланың қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарының бірі екенін атаған.

Мұнда үлкен жұмыстар орындалуы қажет: әлеуметтік нысандар салу, жол-көлік инфрақұрылымы, жарықтандыру жүргізу, абаттандыру мәселелері және т.б.Қаланы аралау барысында бірнеше орынға бардым. Маңызды мәселелердің бірі - мектеп салу. Нұра ауданының өзінде «жайлы мектеп» жобасы бойынша 2024-2025 жылдары 9 мектеп салынады. Абаттандыруға тоқталар болсақ, биыл «Нұра» ауданында 5 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Олардың бірі - «Жағалау» тұрғын үй кешенінің маңында жылдар бойы бос жатқан учаске абаттандырылды.Онда автотұрағы бар 12 қабатты көпфункционалды кешен салу жоспарланған болатын. Сол сияқты Айтматов көшесінің бойында көгалдандыру жұмысы қолға алынды. 1 мыңнан астам ағаш отырғызылды. «Шығыс» тұрғын үй кешенінің артындағы Бином мектебіне дейінгі көшелердің (Е-12 ,Е-14, Е-15, Е-32, Е–35) құрылысы аяқталды. Онда шаруашылық-тұрмыстық кәріз, нөсер кәрізі, су құбыры жабдықталған, жарықтандыру кабельдері ішінара төселген. Дегенмен, шағын ауданда жарықтандыру мәселесі әлі де бар - желілердің бәрі балансқа берілмеген. Біз оларды кезең-кезеңімен қаланың балансына қабылдаймыз. Көктемде көше құрылысы, аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, көгалдандыру және т. б. жұмысты жалғастырамыз, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды