Қазақстандық «KEGOC» АҚ ұлттық компаниясының SPO сәтті аяқталды

12.11.2023, 16:49
865
Қазақстандық «KEGOC» АҚ ұлттық компаниясының SPO сәтті аяқталды gov.kz

KEGOC-тың SPO өткізуі Қазақстанның отандық қор нарығын дамытып жатыр.

SmartNews.kz сайтының хабарлауынша, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «KEGOC» АҚ-тың SPO-ға барлық қатысушыларын: инвесторларды, эмитентті, андеррайтерлерді, брокерлерді, сондай-ақ Қазақстан қор биржасын (KASE) және Astana International Exchange (AIX) осы жобаның табысты іске асырылуымен құттықтайды.

Инвесторлардың көпшілігі өздерінің өтінімдерін бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші орын алатын KASE алаңында орналастырғанын атап өткен жөн. Осы SPO шеңберінде KASE-ге 18,7 млрд теңге тартылды, бұл орналастырудың жалпы көлемінің 82,4%-ын құрайды.

KEGOС-тың KASE-дегі жай акцияларына жазылу барысында инвесторлардан жалпы сомасы 28,8 млрд теңгеге 37 445 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 43,9% өтінімдерді 12,6 млрд теңге көлемінде жеке тұлғалар, 50,3% (14,4 млрд теңге) – сақтандыру ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер және брокерлер атынан институционалдық инвесторлар және 5,8% (1,7 млрд теңге) заңды тұлғалар берді. KASE ұсынысына сұраныс 127%-ды құрады.

KEGOC-тың SPO өткізуі Қазақстанның отандық қор нарығын және тұтастай алғанда экономиканы дамыту үшін маңызды оқиға. Оның табысы барлық мүдделі тараптардың: шығаруды ұйымдастырған мемлекеттің, эмитенттің, компаниялардың үйлесімді жұмысының нәтижесі деуге болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды