«Адам саудасы оңай емес екен»: Роза Әлқожа ұлына қыз айттырып барды

12.11.2023, 19:52
6988
«Адам саудасы оңай емес екен»: Роза Әлқожа ұлына қыз айттырып барды roza_alqozha

Әншінің әулеті Әсем атты аруға құда түсіп барды.

Танымал әнші Роза Әлқожа үлкен ұлы Бейбарыс Қабаны үйлендіріп жатыр. Бұл туралы ernur.kz басылымы жазды.

«Армысыздар?! Дулат еліне қыз айттырып келіп қалдық. Талай тойда, жақсылықта жүрген соң адамда тәжірибе көбейіп, ой түйеді екен. 

Баяғыда бауырыма келін айттырып барғанда марқұм құдағи «Шырағым, бұл адам саудасы, оңай емес» деген. Сол сөз есіме түсе береді. Төрт келін айттырып, ұзатып алып келіппін. Енді өзіме келін алатын кезде қай жағынан болса да жолдан жығылмай, кемшілік жібермей барсақ дедім. Оған бір-екі әулет емес, бар қазақ атсалысып жатыр. Әрқайсысы атағанын беріп, қасымнан табылып, Қазақияның әр бұрышында қоржын тігіліп, мал сойылып, бірге қуанып жатыр. Аллаға сансыз шүкір, бар жанашырыма рахмет айтқым келеді! Сіздердің арқаларыңызда жоғым табылып, кемім бүтінделді! 

Жалпы, жоққа амал жоқ. Бар болса - қыздың кәдесін жасап, өзіңнің сән-салтанатың келісіп тұрғанына не жетсін?! Себебі, құт - қыздың қадамында, келіннің аяғында. Өлі-тірі аруағын разы етіп, өз адамың ету - батамен келер аталы үрдіс. Бұл - талай сынақтардан сау өткен, тәңір тірі қалдырып тіршілік еткізген пенденің тәубе етіп, тойға жеткеніне шүкір айтуы да», - деп жазды Роза Әлқожа. 

Құдалық тойдың үстінде Роза Әлқожа құдаларына арнап шығарған өлеңін оқып берді. Тілек үстінде ұлына өлең арнады. Ал қыздың ұзату тойында сиясы кеппеген «Ақ келін» атты жаңа туындысын тарту етті. 

«Осы той болады деген күннен бастап уайым, қорқыныш, қуаныш, бәрі араласып, күн сайын өлең боп төгіле берді. Концертке дайындық, жаңа әндерді жаздыру, киіт алу, алтын қарау деген жұмыстармен бірге түскен жолдарды жазып та үлгердім. 

«Тәңірдің таңдайға берген тартуы» деп құрбыларыма айтып беріп ем, жақсы ән деп, айтуымды құптады. Өңдеп үлгермеген жаңа ән бұл. Баламдай бол, ақ келін!» деді әнші өзінің «Инстаграм» парақшасында. 

Айта кетейік, Роза Әлқожаның ұлының құдалығына өнердегі бірқатар әріптестері, белгілі актер Бекжан Тұрыс, ақын Асылзат Арыстанбек, блогер Ырысбала Икрамбай барған. Әнші құда боп барған әулеттің әрбір мүшесіне алтын әшекейлер, отандыз дизайнерлердің сырт киімдерін тарту етті.

Бір ерекшелігі, Розаның ұлы ұзату тойына үш букетпен кірді. Алғашқы гүлді өзінің анасы Роза Әлқожаға, екіншісін болашақ қайын енесіне, үшіншісін қалыңдығына сыйлады.

Раушан Құдайбергеннің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды (ВИДЕО) «ЭКСПО ісін» қайта қарау: Ермұрат Бәпи Бас прокуратурадан әділдік талап етті Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды «Жағдайы ауыр»: Оралда доп теуіп жүрген баланы ток ұрды Ұлттық ұланда 6 тіл білетін сарбаз қызмет етеді Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілдері қызмет етіп жүр Ақтөбелік студент жасанды интеллект арқылы Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады Рахат Әлиевтің анасы өмірден өтті Ардақ Назаров той үшін несие алуға тыйым салып, ажырасатындарға жарна енгізуді ұсынды Қазгидромет мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын жеткізді «Қан кетіп, жүрегі соқпай қалды»: Майра Мұхамедқызы 43 жасында тұңғыш қызын қалай өмірге әкелгенін айтты Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы марқұм Нұрғанатты марапаттау керегін айтты «Өзі қолыма құлап өлді»: ер адам 86 жастағы анасын өлтіріп, оны оқыс жағдай ретінде көрсетпек болған «Ақша төлеуің керек»: Баян Мақсатқызының жаңа жобасын әйелдер қауымы сынға алды (ВИДЕО) Қарағандыдағы сатушы қыздың өлімі: қаскөй өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты «Ақтөбе» футбол клубында 250 млн теңге ақша жымқырылған Атыраулық жүкті әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің фотосы жарияланды Ақбота Керімбекова ұлының тойына келмеген бұрынғы күйеуіне ренішін жеткізді «Мина жарылып кеткен»: Көшеде жатқан затты тепкен 11 жасар бала комаға түсті «Жігертай мұның қалай болды?!»: Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты