"Тағы да үстел қосамыз": Заңғар Нұртастың үйлену тойында қонақтар сыймай қалды

13.11.2023, 09:51
6056
"Тағы да үстел қосамыз": Заңғар Нұртастың үйлену тойында қонақтар сыймай қалды stan.kz

Шоу-бизнеске танымал өнерлі отбасы Айдарбековтер сүт кенжесі Заңғар Нұртастың үйлену тойын жасады. Тойға 300-ге жуық қонақ шақырып, ең қымбат мейрамханада жоғары деңгейде атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

 Күйеу жігіт бір жылда екінші рет үйленіп жатыр. 

“Көңілім қатты толқып тұр. Осы күнді ұзақ күттім. Өткен аптада келінімізді ұзатып алып келдік. Той өте жақсы өтіп жатыр. Бұл жолы Заңғар: “Үнемі 500 қонақ шақырып, игере алмай қаламыз. Аз адам шақырайық” деген болатын. 300 қонақ шақырып едік, әрқайсысы бір-бір адамнан ертіп келген сияқты. Шамамен 500-ге жуық қонақты күтуге тура келіп тұр. Мейрамхана әкімшілігімен келісіп, тағы да үстел жайып жатырмыз. Бір жағынан келін алып қуанып тұрсам, екінші жағынан қонақтарымыздың сыймай қалғанына уайымдап тұрмын”, – дейді продюсер ене.

Той барысында жұлдызды қонақтар әннен шашу шашып, өз ойларын бөлісті. 

“Өзімнің бір ұлым мен қызым бар. Сол балаларыма қандай тілек тілесем Заңғар мен Индираға да дәл сондай жақсылық тілеймін. Өмірдегі сынаққа төтеп бере біліңдер. Гүлзира әпке өте жақсы ене. Балалары мен келіндері сондай тәрбиелі. Әкесі мен анасының жолын берсін! ”, – деп тілек жаударды Айнұр Тұрсынбаева. 

Белгілі әнші, Абай Бегей: “Отбасы болу – өте қиын. Сол кезде бір-бірлеріңізді түсіну өте маңызды. Бірі ашуланса, бірі сабырға келсе отбасы беріктігі нығая түседі. Жастар бақытты болсын!”, – деп тілек айтты. 

Алайда әулеттің үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова мен оның балалары тойда төбе көрсетпеді. Желі қолданушыларының дені Жұлдыздың не үшін келмегенін білгісі кеп, жарыса болжамдарын жазып жатыр. “Жұлдыз келмек түгілі, әке-шешесін де шақырмаған”, “Ол келін жұлдыз ауруына ұшыраған. Кімнің арқасында сахнаға шыққанын білмейді”, “Осы әулетті жерге қарату үшін Жұлдыз әдейі келмеген” деп жарыса жазып жатыр. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады