Болат Назарбаевтың өлімі: Қасым-Жомарт Тоқаев жаназаға қатыспайды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа бауырының қазасына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты», - дейді Берік Уәли.
Оның сөзінше, жерлеу рәсіміне Мемлекет басшысы қатыспайды.