919

Жарықтың сөнгенін пайдаланған елордалық азамат бизнес орталықтың қоймасына ұрлыққа түскен

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, жарықтың сөнгенін пайдаланған елордалық азамат бизнес орталықтың қоймасына ұрлыққа түскен.

Жарықтың сөнгенін пайдаланған елордалық азамат бизнес орталықтың қоймасына ұрлыққа түскен
polisia.kz

Бизнес орталық қоймасының аумағынан ылғал желден қорғайтын матаның бес орамы ұрланған. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Байқоңыр ауданының полицейлері ЖШС бұрынғы күзетшісінің аталған ұрлыққа қатысы барын анықтады.

48 жастағы қызметкер жарықтың сөнуін пайдаланып, қоймаға кіріп, ТМҚ-ны алып шығып, 200 мыңнан астам теңгеге шығын келтіргені анықталды. Кейіннен ол ұрланған орамдарды басқа қалаға жіберген.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.