827

Өскеменде бір жасар бала сақина жұтып қойды

Өскемен қаласында бір жасар бала сақина жұтып қойды. Бұл туралы Kazinform ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Өскеменде бір жасар бала сақина жұтып қойды
canva.com

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «103» арнасына хабарласқан қала тұрғыны баласының сақина жұтып қойғанын айтты. Сақина тыныс алу жолын жауып, бүлдіршін тұншыға бастаған.

«Жедел жәрдем қызметкерлері сол жерге жеткенше диспетчер Елдос Әнуарханов телефон арқылы ата-анасына Геймлих маневрін жасауды түсіндіріп, қалай әрекет ету керектігін айтып отырды. Абырой болғанда, 1 жасар бала қайта тыныс ала бастап, аман қалды», - делінген ақпаратта.