Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды

13.11.2023, 19:53
1012
Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды kazsports.kz

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде ересектер арасында Азияның I ашық чемпионаты аяқталды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, жалпы есепте 1-орын алған Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль бар. Екінші орында Иран (3 алтын, 2 күміс, 3 қола), одан кейін 2 алтын жүлдемен Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Чемпионатқа 10 елден 140-қа жуық спортшы қатысты. Атап айтқанда: Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері.

Доданың  соңғы күнінде командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды. Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы алтын, ал әйелдер қола жүлдеге ие болды. Бәсекеде алтын медальді Ұлмекен Жалғас (68 келіден жоғары), Самашева Бэлла (55 кг), Даяна Даренская (61 кг), Диас Анарбеков (84 келіден жоғары), Жоламан Биғабыл (60 кг), Ерсұлтан Тәңірберген (67 кг), Диас Ұлбек (84 кг) жеңіп алды.

Күміс жүлде ката бойынша Лия Қошқарбаева, Мәди Катешов, кумитеден Әйгерім Тұрсынбекова (50 кг), Гүлмира Үсенова (61 кг), Николь Ценгель (61 кг), Дархан Тимралиев (60 кг), Әбілмансұр Батырғалиға (75 кг), Айдос Мұхатқа (67 кг) бұйырды.

Сондай-ақ Ердос Кенжеғалиев (ката),  Арина Якубина (68 келіден жоғары), Алина Сұлтанова (50 кг), Ақниет Шеризат (50 кг), Айжан Бакирова (61 кг), Венера Жақсыбаева (68 кг), Милана Власенко (68 кг), Айбек Шарап (60 кг), Дамир Нұрберген (75 кг), Азамат Марат (75 кг), Никита Тарнакин (84 кг) қола еншіледі.

Түркістанда бұрынғы келінін тойда ұрып тастаған қайын атаға қатысты сот шешімі шықты Астанадағы базарлар тексерілді: Қарақұмықтың бағасын 82%-ға көтергені әшкере болды Иманбекке «Құрмет» ордені берілді Астанадағы 3 жасар қыздың өлімі: анестезиолог соңғы минуттарда не болғанын айтып берді Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды Оңтайландырылған арнайы салық режимі кімдерге беріледі? Сәбидің 18-20 тісін бірден емдеу: Ұйықтатып қойып, оята алмай қалды Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО) Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады Қарағанды облысында оқушыны отқа ораған жасөспірімге үкім шықты Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев кездесті Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты Ақтөбеде автобус апатынан бес шетел азаматы қаза тапты Қадыров: Украина азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін қатаң жазаланды Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің лауазымы жоғарылады 16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді Трамп Зеленскийден «аздап көңілі қалғанын» айтты Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады