1531

Желтоқсан айында қанша күн демаламыз

2023 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап тұр.

Желтоқсан айында қанша күн демаламыз
canva.com

Тәуелсіздік күні мерекесі 16 желтоқсанда, яғни сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан мереке күніне арналған демалыс дүйсенбіге, 18 желтоқсанға ауыстырылды. Осыған орай, қазақстандықтар екі күн емес, үш күн демалады.

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келгендіктен, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шығады.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 30 желтоқсан ресми жұмыс күні болып саналады.

3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.