"Келін түсірді": Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның жоспарын айтты

14.11.2023, 09:55
4632
"Келін түсірді": Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның жоспарын айтты stan.kz

Қазақ эстрадасының белді өкілі Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестерімен қай деңгейде араласатынын айтты. Бұл туралы “Жұлдызды weekend” бағдарламасында айтты.

Ақботаның айтуынша жас күніндегідей өнердегі әріптестерімен шүйіркелесіп, бас қосу азайған.

“20-30 жылдан бері өнердегі әріптестерімен бір сахнада жүрміз. Алайда заман ағымына сай күйбің тірлікке алаңдап, бас қосуымыз азайды. Отбасы мен бала-шағаның қамы деп шапқылап жүрміз. Құрбыларыммен тек концерт пен мерекелік кештерде ғана көрісіп қаламын. Алғаш сахнаға шыққанда концерт пен тойдан кейін міндетті түрде бір әншінің үйіне барып бастаңғы жасаушы едік. Қазір концерттен кейін тіке үйге қайтамыз”, – дейді әнші. 

Десек те, әнші өнерде жүрген бір ғана жан құрбысының атын атады.

“Жас ұлғайған сайын таныс көбейіп, дос азаяды екен. Қазір ең жақын құрбым – Айгүл Иманбаева. Лондонда білім алып жүр. Жақында отбасында жақсы жаңалық болды. Ұлы үйленіп, келін әкелді. Бірақ халыққа жариялаған жоқ. Өйткені Айгүлдің әкесі о дүниелік болған күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан әзірге халық білмейді. Оқуын аяқтап келгеннен кейін үлкен той жасауға ниетті. Біздің қызметте жүретініміз анық. Айгүл – менің екінші ұлым Ақанның өкіл шешесі. Екеуміздің аналарымыз да жақын құрбы. Сол кісілердің сыйластығы Айгүл екеумізді құрбы етті”, – дейді өнер қайраткері.   

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады