10 жастағы қазақ баласы алғаш рет қара белбеудің I дан иегері атанды

14.11.2023, 10:05
900
10 жастағы қазақ баласы алғаш рет қара белбеудің I дан иегері атанды gov.kz

Астанадағы экономикалық лицейдің 4-сынып оқушысы Ерасыл Қабылбек 10 жасында таэквондодан қара белбеудің I дан иегері атанды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ерасыл қара белбеудің I дан атағын Халықаралық таэквондо федерациясының президенті, қара белбеудің IX дан иегері Си Джон Ох төрағалық еткен комиссияның аттестациясынан өтіп алды.

Ерасыл Қабылбек спорттың осы түрімен 3,5 жасынан бері айналысады. Ол 2021 жылы Беларусьтің Минск қаласында Әлем кубогы үшін өткен чемпионатты жеңіп алып, Оңтүстік Кореяда жалауы желбіреген Әлем кубогы үшін чемпионаттың күміс жүлдегері атанған. Сонымен бірге ол – Қазақстанның бірнеше дүркін, Азияның абсолютті чемпионы.

Атап өтетін бір нәрсе, Халықаралық таэквондо федерациясының тәртібі бойынша қара белбеу 13 жастан бастап беріледі. Бірақ федерация қазақ баласының спорттағы жетістігі мен таэквондомен айналысуға бөлген уақытын ескеріп, оған қара белбеудің I дан иегері атағын беруді ұйғарды.

АҚШ-тың Қазақстанға енгізген баж салығын Үкімет есептеп жатыр «Колледж бітірген маңғыстаулық қыз»: Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні кім екені белгілі болды Дауға айналған «НДС»: Қосымша құн салығының мөлшері 16% болады Астаналық 8 жасар ерекше бала марафондарды бағындыруда Полицейді көлігінің капотында сүйреген тұрғын сотталды Былтыр ғана тағайындалған «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті «Эмоцияға берілмеуге көмектеседі»: Енді елімізде ажырасу қымбаттайды Тұман, найзағай, шаңды дауыл: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ақбота Керімбекова Қытайға барып, 7 айдан бері көрмеген ұлымен қауышты Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ «Әйел де жетісіп тұрған жоқ»: Ырысбала Икрамбай актер Шәріп Серікті жақтады Оралдық қыз кездесуге арнайы ұшып келген италианды «лақтырып кеткен» Қырғызстан мешіт салуға шектеу енгізбек Ақтаулық қария тойда қонақтардың телефонын ұрлаған Теміртауда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін өзгертті «Жүкті болып қалғанда жігітім тастап кетті»: Аида Кауменова некесіз бала туғанын айтты «2 млн теңгеге сөмке аламын»: Маржан Арапбаева брендке қатты қызығатынын айтты «Ұзын етекті көйлектер ұнамайды»: Баян Мақсатқызының жаңа образы қызу талқыға түсті Болашаққа мүмкіндік: «Самұрық-Қазына» 170-тен астам жаңаөзендік жасқа қолдау көрсетті