Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Алматы облысы Шамалған ауылында жұрт тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаевтың жаназасына жиналды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Жерлеу рәсіміне марқұмның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Анипа Назарбаева, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, Антикордың бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаев және басқалар қатысты.
Қоштасу рәсіміне премьер-министр Әлихан Смайылов та қатысты, осыған байланысты Үкіметтің дәстүрлі отырысы ертеңге ауыстырылды.