"Жасаған жақсылығы көп". Нұрсұлтан Назарбаев інісінің жомарт адам болғанын айтты

14.11.2023, 13:38
1016
"Жасаған жақсылығы көп". Нұрсұлтан Назарбаев інісінің жомарт адам болғанын айтты Azattyq Ruhy

Ауыр науқастан көз жұмған Болат Назарбаевты халық ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға барған Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел алдында сөз сөйледі. Бұл туралы Azattyq Ruhy хабарлап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев інісінің жомарт, ақкөңіл жақсы адам болғанын айтты. Оның сөзінше, Болат Назарбаев қайырымдыдықпен көп айналысқан, мешіт салдырып, мектепке көмектескен. Тәуелсіздіктің отыз жылдығында жасалған жұмыстарға да атсалысқан. Айналасындағы адамдарға,  көмек сұраған жандарға қол ұшын берген. Оның өмірде қателескен кездері болса кешіріммен қарауды сұрап, соңғы екі жарым жыл қатты ауырғанын айтты.

Осы ауылда туып өстік. Біз оны жақсы көрдік, ол бізді жақсы көрді. Үйіміздің ең кенжесі еді. Тәуелсіздіктің отыз жылдығында жүз жылға татитын жұмыс жасалды, соның бәрін көрді, еңбек етті. Мектепке, ауылға көмектесті. Мешіт те салдырды. Көп еңбек етті. Ұл-қыз өсірді. Арманы жоқ деп айтуға болады. Бірақ армансыз адам бола ма? Әлі де өмірі алда еді. Екі жарым жыл қатты ауырды, жүре алмады, сөйлей алмады, өздігінен тамақ іше алмады. Қатты қиналды. Қателіксіз адам болмайды. Біздің әулетімізге көңіл айтқандарыңызға көптен көп рахмет. Кешеден бері көп адаммен сөйлесіп жатырмын, жасаған жақсылығы көп. Жақсы сөз атыңыздар. Еңбек етіңіздер, отбасыларыңыз аман болсын! - деді көпшілік алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев.

Шамалған ауылында өзінің үйінде өткен жаназаға бірнеше мың адам келді. Қазаға ортақтасып, көңіл айтуға Ермұхамет Ертісбаев, Амандық Баталов, Нұртай Әбіқаев пен Алик Шпекбаев сынды көптеген саяси және қоғам қайраткерлері келді. Өнер қайраткерлерінің арасында Біржан Хасанғалиев жүрді. Жаназаның алдында Үкімет басшысы да сөз сөйлеп, қазалы әулетке көңіл айтты.

Алматы облысының наиб имамы уағыз айтып, елден марқұмның жақсы адам болғанын және қателіктері болса кешірім берулерін сұрады

Аспанда күн ортақ, ай ортақ. Жақсы адам ортақ. Марқұм Болат Әбішұлы жақсы адам болды. Жақсы сөз сөйлеп, көбірек дұға етіңіздер,  - деді әнші Ақан Әбдуәли.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр