Алматы облысында әйел адам ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберді
Алматы облысындағы «Алтын Орда» базарының маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйел адамның өтіп бара жатқан фураның астына ер адамды итере салғанын көруге болады. Жүк көлігі ер адамды жаншып өтіп, өзімен бірге сүйреп кеткен.
Мұны 60 жастағы әйел адам жасағаны анықталды. Енді ол 15 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.
Облыстық ПД мәліметінше, күдікті қамауға алынған. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.