Scalerator бағдарламасының үшінші лек қатысушылары алғашқы экспорт кесілім-шартына қол жеткізді

14.11.2023, 17:53
816
Scalerator бағдарламасының үшінші лек қатысушылары алғашқы экспорт кесілім-шартына қол жеткізді Astana Hub

23 стартап Astana Hub-тың экспортты қолдауға және жеделдетуге бағытталған Scalerator акселерация бағдарламасын сәтті аяқтады.

Astana Hub технопаркінің хабарлауынша, 4 ай ішінде бағдарламаға қатысушылар өнімді экспорттау, мақсатты нарықты таңдау және сатуды бастау дағдыларын үйренді. Акселератор кезінде олар БАӘ, Грузия, Өзбекстан, Австрия, Германия және Ресей компанияларымен жалпы құны 90 миллион теңгенің алғашқы экспорттық келісімшартын жасады.

«Мемлекет басшысы алдымызға 2026 жылға қарай ІТ-қызметтердің экспортын бір миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. Бірнеше жыл бұрын бұл сандар біз үшін фантастика көрінетін, мұндайды армандамайтын да едік. Бірақ бүгінде сіздердің күш-жігеріңіз және күнделікті жұмысыңыздың арқасында бұған қол жеткізуге болатынын түсініп отырмыз. Осы мақсатқа жету құралдарының бірі – Scalerator акселерация бағдарламасы», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Demo Day шарасында 15 стартап өз жобасын инвесторлар мен бизнес-періштелерге таныстырды. Бұл RiskControl, Upkeep, TEST IT, CUBA IoT Platform, X2 Retail, KAC ERP, ESG Pracice Lab, SmartPIM, Maxinum Consulting, Tez Customs, Alem Metaverse, Networks energy, Sekura, Courstore және Ekgov жобалары.

«Акселерация бағдарламасы біз үшін мазмұнды болды. Жеделдету бағдарламалары сиқырлы дәрі емес, жаңа деңгейге жетуге көмектесетін негіз екенін түсіну маңызды. Барлығы қатысушылардың ынтасына байланысты, өйткені қимылдаған қыр асады. Сондықтан бұл көптеген қазақстандықтар үшін халықаралық аренада өзін танытуға және халықаралық нарыққа шығуға тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Біз өз өнімімізді Канада мен АҚШ нарығында шығару үшін келісімшарт жасастық. Сондай-ақ БАӘ компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, келісім-шарт дайындап, талқылап жатырмыз», - дейді X2 Retail компаниясының бас директоры Ернұр Жолдыбаев.

 «Жаңа нарықтарға шығу үшін көп жұмыс істедік. Қазірдің өзінде 13 жаңа келісім-шартымыз бар, он шақтысы pre-sale сатысында. Орналасқан жеріне қарай жобаның мақсатын өзгерту, жаңа бизнес-үлгілер мен стратегиялар, клиенттермен қарым-қатынас дағдысын жақсарту сияқты бағыттар болды. Қатысушылар тамаша нәтиже көрсетті деп ойлаймын», - деп атап өтті акселератор трекері Ирина Андреева.

 

Еске салсақ, Scalerator – бұл халықаралық технопарктің алғашқы акселерация бағдарламасы, мұнда сарапшылар қазақстандық технологиялық компаниялар мен стартаптарға экспортқа шығуға және серіктестер табуға көмектеседі. Бағдарламаның екі жылында қатысушылар жалпы сомасы 304 миллион теңгені құрайтын 31 экспорт келісімшартына отырды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады