"Ақшаң жоқ болса, кино түсірме": Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді

15.11.2023, 09:52
3631
"Ақшаң жоқ болса, кино түсірме": Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді stan.kz

Актриса Дариға Бадықова жаңа фильміне саундтрек бермеген әншілерге ренжігенін айтқан болатын. “Таптым-ау, сені” әнінің орындаушысы Қазыбек Құрайыш актрисаға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Дариға Бадықова алғаш рет кино түсіріп, продюсерлік салада бағын сынап көрді.

“Жазбай-ақ қояйын деп едім, қоймадыңыздар. Алғашында бұл кісілерге ренжігенім рас. Мен ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін. Оны кино саласында жүргендердің бәрі білетін шығар. Әндерім барлық фильмдерге тегін кетеді. Жобамен онға жуық фильмде әндерімнен үзінді бар, біреуінен де ақша сұраған емеспін – бұл бір. Екіншісі – мен бұл кісілерге продюсер-спонсор болған үлкен апайымызға: "Мейлі, әнді ала беріңіздер, қарсы емеспін. Ақшаның да керегі жоқ" деп айтқанмын негізі. Енді неге қоспағанын және бағдарламаға келіп, неге осылай айтып отырғанын түсінбедім. Ал, жалпы, мен әндерімді ешкімге де беруге міндетті емеспін”, – дейді әнші.

Сондай-ақ ақшасы аз бола тұра кино түсіретін режиссерлерді де сынады. 

“Сосын тағы бір айтарым бар. "Мен өз ақшама кино түсіріп жатыр едім. Қаражатымыз жоқ, көмек беріңізші" дейтін болсаңыздар, кино түсірмей-ақ қойыңыздаршы. Мен музыканттарыма барып: "концерттерімді өзім жасап жатыр едім, маған тегін ойнап беріңдерші немесе жарықты тегін қойып, видеоны тегін түсіріп беріңдерші" деп айтқан емеспін. Ол дұрыс емес. Кейбір "доспыз-ау" деген кино түсіріп жүрген азаматтарға мен ұйықтамай отырып, арнайы авторлық әндер жазып беріп те жүрмін. "Рақметіміз бар" деп, жоқ болып кеткендердің атын айтпай-ақ қояйын. Не десеңдер де арым таза. Аман болыңыздар!", – деді Қазыбек Құрайыш.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады