1117

Нұрлан имам әйелін ұрып өлтірген экс-министрге қатысты пікір білдірді

Нұрлан имам әйелін ұрып өлтірген экс-министрге қатысты оқырман сұрағына жауап берді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Нұрлан имам әйелін ұрып өлтірген экс-министрге қатысты пікір білдірді
nurlanimam.kz

Имамға тікелей эфирде «Әйелін ұрып өлтірген министр туралы естідіңіз бе?» деп сұрақ қойған еді.

Министр туралы білмеймін, бірақ әйелді ұрып-соғу бізде жаңалық емес. Маған «Әйелдің сөзін сөйлейсің» деп еркектер ренжіп жатады. Пікірлерді де өздеріңіз көріп жатырсыздар… Бұл жақсы емес. Министр болсын, басқа болсын, әйелді ұру - надандықтың ең жоғары белгісі, - деп жауап берді имам.

Айта кетейік, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, екі айға қамауғаа алынды.