Қорғаныс министрі ұлын әскерге жіберуге уәде берді

15.11.2023, 13:22
819
Қорғаныс министрі ұлын әскерге жіберуге уәде берді canva.com

Отырыста депутат Ринат Зайытов «министрдің баласы, әкімнің баласы әскерде жүр» дегенді бұрын-соңды естімегенін айтып, заңда шенеуніктер мен олардың баласын әскерге баруды міндеттеу туралы арнайы норма әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Халық үні ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат ұсынған норманы енгізудің қажеті жоқтығын айтты.

«Патриоттық деген жария етілмейді. Бұрын Ішкі істер министрі болған Қалмұханбет Қасымов екі жиенін әскерге өзі алып келді. Бұрынғы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұлы мектеп бітірген соң десанттық-шабуылдау әскерінде борышын өтеп, қазір АҚШ-тағы әскери училищенің курсанты болып отыр. Бұл үлгі емес пе? Министр мен депуттардың ұлдарын бөлетін норманың қажеті жоқ. Заң бәріне ортақ, тек оны кім қалай орындағаны маңызды», - деді министр.

Мәжіліс отырысынан шыққан соң Қорғаныс министрі журналистердің сұрағына жауап беріп, өз ұлын әскерге жіберуге дайын екенін мәлімдеді. 

Ұлым жиырма жаста – студент. Оқуын бітірген соң өзі таңдаған бағыт бойынша әскерге өзім жетектеп апарамын. Бірақ оның арнайы құрылымдарға барғаны абзал, - деді министр.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды