Маған мұндай сұрақ қоймаңыздар - депутат Дәулет Тұрлыханов
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс алаңында Тұрлыханов журналистердің сауалынан қашты. Оған жігіттердің қызды ұрып-соғуына ата-анасының мінез-құлқы себеп бола ма деген сұрақ қойылды.
"Сіздерге не керек? Не естігіңіз келіп тұр? Қандай пікірде деп ойлайсыздар? Сіздер бұған қалай қарайсыздар? Маған енді мұндай сұрақтармен қайта келмеңіздер. Бұл – ойға сыймайтын сұрақ. Осындай сұрақтарды балаларға қойыңыздар", – деді Дәулет Тұрлыханов.