Састөбе цемент зауытындағы жарылыстан бір адам қаза тапты

15.11.2023, 14:09
631
Састөбе цемент зауытындағы жарылыстан бір адам қаза тапты kasipodaq.kz

Түркістан облысындағы Састөбе цемент зауытында қайғылы оқиға болды. Зауытта жойқын жарылыс болып, бір жұмысшы қаза тапты. Екі адам ауруханаға түсті. Құқық қорғау органдары тергеу жұмысын бастады. Бұл туралы Otyrar.kz сайты хабарлап отыр.

Қаза тапқан жұмысшының аты-жөні – Александр Боуш. 52 жастағы жұмысшы Састөбедегі цемент зауытында 6 жылдан бері механик болып жұмыс істеген. Халық үні ақпараттық агенттігінің мәлімдемесінде, оның денесін алапат жарылыс кезінде 100 пайыз күйік шалған.

58 және 34 жастағы екі адам ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оларды да ауыр күйік шалған. Қазір ақ халаттылар науқастардың өмірін аман алып қалу үшін барын салып жатыр.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбековтың айтуынша, 13 қарашада Түлкібас аудандық полиция бөліміне Sas-Tobe Technologies ЖШС цехынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт салдарынан 3 жұмысшыны түрлі дәрежедегі күйік шалған. Зардап шеккендердің бірі, Түлкібас ауданының тұрғыны дене жарақатынан есін жоғалтып, қаза тапты. Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі («Еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір зауыт жұмысы уақытша тоқтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін Түркістан облысының полиция департаменті мен прокуратурасы жеке бақылауына алды.

Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген