1608

"9 күнге 6 млн алдым". Дариға Бадықованың "Келінжан" сериалынан түскен гонорары

Актриса Дариға Бадықова "Келінжан" сериалынан қанша теңге гонорар алғанын айтты. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

"9 күнге 6 млн алдым". Дариға Бадықованың "Келінжан" сериалынан түскен гонорары
dariga_badykova

Белгілі актриса Дариға Бадықова өзінің сериалдан алған гоноранына көңілі толғанын жеткізді.

Жақсы табамын. Мен осы жерде айтайын. Продюсерлердің ішінде Гүлнұр Мамасарипова жақсы төлейді. Еңбегіңді жемейді. Келіскен бағаңды береді, - деді ол.

Подкаст жүргізушісі Асхат Садырбай актрисадан гонорары қалай есептелетінін сұрады.

Бізде 7 күнге осындай баға, 9 күнге осындай ақша деген келісім бар. Осы жолы 9 күнге 6 млн алдым, - деді Дариға Бадықова.

Осы сәтте жүргізуші "Жанар Айжановадан аз алады екенсіз. Ол күніне 1 млн алады екен", - деп айтты.

Жанар Айжанова алсын. Жанар апам алса, онымен үзеңгіліс актрисалар алып жатса, мен "біз де жетейік соған" деп айтамын. Ол кісінің осы өнерде қаншама еңбегі бар, - деді Дариға Бадықова.

Жақында актрисаның “Таптым-ау, сені” атты фильмі жарық көрмек. Актриса фильмге саундтрек іздеп, әншілерге хабарласа алмағанын айтқан болатын.