Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бастығы 2 айға қамауға алынды
27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі күдіктіні 2 айға қамауға алынғанын мәлімдеді.
"Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды", - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.