Жетісу облысында мұғалім оқушысын зорлады: Оқу-ағарту министрі пікір білдірді

15.11.2023, 16:24
808
Жетісу облысында мұғалім оқушысын зорлады: Оқу-ағарту министрі пікір білдірді stan.kz

Жетісу облысының Сарқан қаласында математика пәнінің мұғалімі оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталған еді. Осы оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрі пікір білдірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ғани Бейсембаев бүгінде министрлік балалардың құқығының бұзылмауын жүйелі түрде бақылауда ұстап, алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқанын алға тартты. 

“Жалпы кез келген мұндай мәселелерге тергеу амалдары жүргізілетінін білесіз. Ішкі істер органдары араласып, заң бағасын беруі керек. Бірақ кез келген балаға қатысты мәселелерді Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Балалар құқығын қорғау комитеті өте тығыз бақылауда ұстап отырады. Елімізде балалардың құқығының бұзылмауын жүйелі түрде бақылауда ұстап, алдын алу жұмыстарын жүргізудеміз. Тамыз айында балалардың қауіпсіздігі бойынша кешенді жоспар қабылданды”, – деді министр. 

Ғани Бейсембаев қазір тергеу амалдары жүріп жатқандықтан оқиғаға қатысты заң жүзінде қосымша ешқандай пікір білдірілмейтінін алға тартты.

“Тергеу амалдарынан кейін тиісті органдар өз шешімін айтуы тиіс. Ал жалпы Қазақстан бойынша мұндай мәселелердің орын алмауы бағытында кешенді жоспар қабылданды. Бұл жоспар өз нәтижесін береді деген үміттеміз”, – деп қосты министр.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады