7417

Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетті

Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетті
el.kz

Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде.