Алматы қаласының көші-қон және жергілікті полиция қызметі бірлесіп жүргізген іс-шара нәтижесінде Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген шетелдіктер анықталды.
ЖААІ-ның бірінші күні жергілікті рейдтер барысында 112 заңсыз шетелдік анықталды: Өзбекстанның – 90, Тәжікстанның – 11, Түркияның 8 және Нигерияның 3 азаматы.
Қабылдап-таратуға жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 52 шетелдік орналастырылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларға әкімшілік шара қолданылды.