Мемлекет басшысы Саясат Нұрбекті қабылдады

16.11.2023, 17:56
665
Мемлекет басшысы Саясат Нұрбекті қабылдады akorda.kz

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды.

Министрдің айтуынша, биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға көбейді.

Жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 160 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ал ұлттық университеттерде бұл көрсеткіш 228 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есе, яғни 2022 жылғы 55 050-ден 2023 жылғы қазанда 17 488-ге дейін азайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары білім беру саласындағы инфрақұрылым мен цифрлық архитектураның дамуы, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кампустарының құрылысы туралы мәлімет берілді.

Министрлік цифрлық университет моделін әзірлеп жатыр. Студенттер Coursera жаһандық онлайн білім беру платформасында оқу мүмкіндігіне ие болды. Қазірдің өзінде 40 мыңы сертификат алды. Платформадағы 100 негізгі курсты қазақ тілінде оқуға болады.

Мемлекет басшысына Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігінде белсенді ілгерілеп келе жатқаны туралы баяндалды. QS рейтингіне 21 жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіреді.

Жыл соңына дейін елімізде жұмыс істейтін жетекші шетелдік университеттер филиалдарының саны сегізге жетеді. Халықаралық компаниялармен бірлесіп, жасанды интеллект саласында кадр даярлау ісі басталды.

«Мамандығым – болашағым» жобасы аясында өңірлерде кадр қажеттілігіне форсайт-зерттеу жүргізу үшін жобалық кеңселер ашылып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген мәлімет бойынша Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі күшейіп келеді. Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өз жұмысын бастады.

Ғалымдардың орташа жалақысы 2 есе өсіп, 252 мың теңгеге жетті. Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылатын болды. Ғылым саласының 2023-2025 жылдарға арналған жалпы бюджеті 3,3 есе артып, 643 миллиард теңгені құрады.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары тазалығы 99,5 пайыз мөлшерінде селен алу технологиясын ойлап тапты.

Бұл химиялық элемент медицинада, электроникада және шыны өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы жаңалықтың арқасында Қазақстан аталған сирек металды анағұрлым тиімді бағамен экспорттай алады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы білім беру деңгейін арттыру, инновацияларды ынталандыру және ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту, сондай-ақ студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығын азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды