626

Шымкентте заңсыз діни дәріс берумен айналысқан келіншек жауапқа тартылды

Шымкентте заңсыз діни дәріс берумен айналысқан келіншек жауапқа тартылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шымкентте заңсыз діни дәріс берумен айналысқан келіншек жауапқа тартылды
Halyq Uni

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Келіншек діни ілімі мен заңды лицензиясының жоқтығына қарамастан, мегаполистегі оқу орталықтарының бірінде араб тілі және құранды толық үйрету бойынша дәріс берумен айналысқан.

Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, әйелге профилактикалық әңгіме жүргізді, – делінген хабарламада.

 Сот шешімімен заң бұзушыға 40 АЕК көлемінде, яғни 138 мың теңге айыппұл салынды.