Астанада жолда мұз тоңдарын қалдырмайтын материал таныстырылды

16.11.2023, 18:47
535
Астанада жолда мұз тоңдарын қалдырмайтын материал таныстырылды 46.mchs.gov.ru

Елордада өтіп жатқан Kaztraffic-2023 көрмесінде ерекше материал таныстырылды.Бұл туралы Halyq Uni ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Көрмеде «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының» ғалымдары жақында патенттелген көктайғаққа қарсы материалдың тұсаукесерін өткізді.

Материалдың басты ерекшелігі – 0-ден минус 30 градуста мұзды ерітеді және ол көктайғаққа қарсы қасиетін ұзақ сақтайды. Сондай-ақ материалдың құрамындағы кальций бетон жабынының беріктігін нығайтады және олардың бетін қабыршақтанудан қорғайды, ал фосфор жол бойындағы өсімдіктерге жағымды әсер етеді, - деп жазылған Көлік министрлігі таратқан хабарламада.

Жоба авторларының айтуынша, материалдың, яғни жаңа реагент формуласында жолды бұзатын, өсімдіктерге кері әсер ететін және көлікке зақым келтіретін натрий хлориді, яғни қарапайым тұз жоқ.

Біз минус 10 градусқа дейін жақсы жұмыс істейтін көктайғаққа қарсы шетелдік технологияны көрдік. Бұл технологияның мұзды жартылай ерітетінін және еріген су қайтадан қатып қалатынын байқадық. Соның салдарынан көктайғақ болады. Мәселені түбегейлі шешу үшін біз көктайғаққа қарсы жаңа материал әзірледік. Ол мұзды тез ерітеді және минус 30 градусқа дейін мұздың қатуына жол бермейді. Материалдың тиімділігі мен артықшылығын көріп, танысқысы келетіндерді институт зертханасына шақырамыз, - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ ғалымдары.

Ғылыми-зерттеу институты ерекше материалды сынақтан толық өткізіп, жобаға инвесторларды тартуды жоспарлап отыр.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды