Қытайлықтар Қазақстаннан 100 мың гектар жер сұрап отыр

17.11.2023, 13:59
1284
Қытайлықтар Қазақстаннан 100 мың гектар жер сұрап отыр inbusiness.kz

Олар телімді жалға алу арқылы аймақта ақбөкен етін өңдейтін зауыт ашпақшы.

Қытайлық инвесторлар Батыс Қазақстан облысынан 100 мың гектар жер сұрап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтқан. Бұл туралы «Адырна» басылымы жазды.

Аймақ басшысы қытайлықтардың әкімдікке шамамен екі ай бұрын жүгінгенін мәлімдеді.

«Шетелдіктер қазақстандық әріптестерімен бірге зауыт салуға ниет білдірді. Бұл кәсіпорын ақбөкен мен ірі қара мал етін толық өңдеуді жоспарлап отыр. Біз олардың ұсынысын тыңдап, өз шарттарымызды ортаға салдық. Компания аймақта тіркелуі керек, сәйкесінше барлық салық шегерімдері аймақ бюджетін толықтырады. Зауыт жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуы керек. Инвесторлар өз міндеттемелерін орындауы тиіс. Әйтпесе, жер тәркіленеді. Шартқа келісіп, қаржы тапса, жерді береміз. Қорқатын ештеңе жоқ, олар жерге иелік ете алмайды, қайта сата алмайды. Біз үшін өңірге инвестиция тарту – басты міндет», – деді Нариман Төреғалиев.

Әкім бұл мәселенің келіссөздер сатысында екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін қытайлық инвесторларға Ұлытау облысынан 20 мың гектар жер телімі бөлінгені айтылған еді. Қазан айында Sinohydro, ТехноГруппСервис компаниялары және Ұлытау облысының әкімдігі арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Рәсім барысында жоспарланған жобалардың 2060 жылға дейін Қазақстанда көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталғаны айтылды.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол