Ауыр дертке шалдыққан еңбек сіңірген қайраткер Рамазан Елібаев халықтан көмек сұрады

17.11.2023, 14:47
1298
Ауыр дертке шалдыққан еңбек сіңірген қайраткер Рамазан Елібаев халықтан көмек сұрады adyrna.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаевтың жағдайы ауыр.

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдыққанын айтып, халқынан қол ұшын созуын сұрады. Бұл туралы "Адырна" басылымы жазды. 

Рамазан Елібаев (1947 жылы дүниеге келген) — белгілі қазақ әншісі және композиторы, «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы. «Көздер» -ай», «Жас ұлан», «Балалық қайран бал шағым», «Көңіл күйі» т.б. «Гүлдер» ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Кезінде қазақ сахнасының саңлағына айналған әртіс қазір 15 жылдан аса уақыт өнер әлемінен алыстап кетті. Оған жалғыз себеп арпалысып келе жатқан 3-дәрежелі "паркинсон" дерті.

Рамазан мырзаның айтуынша, дерт ағзаны дендеп барады. Әлі күнге дейін уақытша дәрінің күшімен келе жатқан ол, оларды ішпесе мүлдем қозғала алмай, қол-аяқтары дірілдеп-қалшылдап кететінін, тамақ іше алмай қақала-шашала беретінін айтты.

Осы уақытқа дейін екі рет өлім аузынан қалған композитор, аурудан айығудың жалғыз жолы - миға арнайы ота жасату.

"Бұл отаны көбісі жасыма байланысты және Альцгеймердің барына байланысты жасаудан бас тартады, дәрі ішіп жүреберіңіз дейді. Бірақ ағайын түріктер арнайы консультация нәтижесінде маған осы отаны жасауға дайын, құны 29000$, жолмен, консультациялар, бар анализдармен қоса 15 млн теңге қаражат қажет. Ондай сомма біздің жанұя үшін қолжетімсіз сома. "Үмітсіз шайтан" демекші, әрине денсаулығымды реттегім келеді. Әлі де сау адамдардың қатарында жүріп, творчествомды жалғастырғым келеді. Не істерімді білмегендіктен, осы өзімнің жанашыр, иманы берік, жомарт, қиын-қыстау кезінде көмек, демеу беретін халқымнан көмек сұрап отырмын. Әр көмектескен адамға сауабынан жазсын", - деген қайраткер "Адырна" тілшісіне берген сұхбатында.

Рамазан Елібаевтың аяққа нық тұрып, елі үшін қайтадан шығармашылықты қолына алып шауып кетуіне небәрі 15 миллион қаражат қажет. Композитор халықтан көмек сұрайды. Төмендегі реквизиттер арқылы науқас жанға өз көмегіңізді бере аласыз:

Фото: Adyrna.kz

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)