Атыраудағы мектепте 5 млн теңге жалақы артық төленген

17.11.2023, 16:34
600
Атыраудағы мектепте 5 млн теңге жалақы артық төленген tengrinews.kz

Елімізде білім ордаларындағы жемқорлық пен заңбұзушылықтар тыйылар емес

Алысқа бармай, Атыраудың өзінде 3-4 ай бұрын ғана мектеп директоры туыстарын қағаз жүзінде жұмысқа алып, ай сайын жалақы аударып отырғанын, одан бөлек жалпы 12 мектепте жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған болатын. Бұл туралы AtyrauPress басылымы жазды.

«Әдiлдiк жолының» облыстық филиалына Т. Амандосов орта мектебіне қатысты биылғы жылға үш арыз-шағым келіп түсті. Оларда көрсетілген фактілер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын анықтау, ұжымның басқа да қаржылай қызметіне нақты орын алған фактілерді зерделеу  мақсатында  тиісті құқық қорғау және тексеру органдарына жолданған болатын.

"Тексерістер нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, төрт қызметкерге біліктілік талаптарына сәйкес келмесе де, жүктемелер беріліп, 19 236,3 мың теңге еңбекақы төленген, арнайы мамандығы бойынша дипломы болмаса да, жұмысқа  қабылданған. Сонымен қатар, мектеп тарапынан 2017-2023 жылдар аралығында 6 қызметкерге жұмыстарын атқармаған кезеңде 5 млн-ға жуық теңге негізсіз артық төленгені анықталды. Мұның бәрі мектептің негізгі функциясы – білім беру сапасының төмендеуіне кері әсер ететіні сөзсіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бүгінгі күні 4 млн теңге бюджетке қайтарылды" дейді аталған бірлестік өкілдері.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді