Жаңа жүйе енгізілгелі бері жүргізуші куәлігін алу емтиханынан құлайтындар көбейген

17.11.2023, 17:56
680
Жаңа жүйе енгізілгелі бері жүргізуші куәлігін алу емтиханынан құлайтындар көбейген kolesa.kz

Емтихан тапсыра алмайтындардың көбі Шымкент, Түркістандық азаматтар.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары көлік жүргізушілеріне арналған 70-ке жуық теориялық емтихан нәтижесі күшін жойған. Бұл туралы sputnik.kz басылымы жазды.

Теориялық емтихан тапсыру үшін "жол жүру ережелері 3.0" жаңа жүйесі енгелі бері тексеріс күшейді. Шымкент, Түркістан, Алматы облысы мен Ақтөбеде емтихан ережелерін бұзған азаматтардың нәтижесі жойылды. Жаңа жүйе азаматтардың емтиханда қашықтықтан қосылуға мүмкіндік беретін микроқұлаққаптарды, HDMI сплиттерді қолданғанын анықтады. Көлік жүргізу куәлігін алғысы келгендер емтиханда қолдануға тыйым салынған өзге де заттарды киімнің жеңіне тығып кірген. Сондай-ақ электронды құрылғылар орнатылған киіммен кіруге тырысқан.

"Шымкент қаласының тұрғыны үшінші адамның көмегімен емтихан тапсырған. Ол жақын орналасқан терезені қағу арқылы дұрыс жауапты белгілеп отырған. Жаңа жүйе емтихан тапсырушының терезеге жиі қарай беретінін анықтап, аудиожазба терезе тұстан келетін дыбыстарды тіркеген. Нәтижесінде емтихан тапсырушының жауаптары жойылды", - дейді ведомство.

Жаңа жүйе Қазақстан аумағында 16 қазанда 83 емтихан сыныбына енгізілген.

"Бұл жүйе енгізілгелі бері сәтті тапсырылған емтихандар нәтижесі екі есеге азайды. Бұл жүргізуші куәлігін мықты мамандар ғана алып жатқандығының дәлелі", - дейді Мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Ал емтихан нәтижесі жойылған азаматтар енді үш айдан кейін ғана қайта тапсыра алады. Жалпы жыл басынан бері миллион адам жүргізуші куәлігін алған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады