Yessenov University студенті «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» жеңімпазы атанды

18.11.2023, 11:01
885
Yessenov University студенті «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» жеңімпазы атанды gov.kz

Студент енді Бахрейн қаласында еліміздің намысын қорғайды.

2023 жылдың қазан айында Қазақстанның 25 жоғары оқу орнынан 100-ден астам студент қатысқан «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы таланттар алмасу бойынша өңірлік конкурс өтті.

ICT Competition – Huawei ICT Academy бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі, ол АКТ саласында таланттарды дамытуға және мамандар даярлауға арналған. Байқау бүкіл әлем бойынша бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және бүкіл әлемнің студенттері мен мамандары арасында білім, тәжірибе және идеялар алмасу алаңына айналды.

Huawei ICT Competition Huawei ICT Academy студенттеріне және бүкіл әлем бойынша ICT Academy-ге қосылғысы келетін жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Фото: gov.kz

Осы байқау аясында Huawei студенттерге салауатты бәсекелестік пен идеялармен алмасу платформасын ұсынуға тырысады, осылайша олардың АКТ білімі мен практикалық дағдыларын арттырады, сонымен қатар жаңа технологиялар мен платформалар арқылы инновация қабілетін арттырады.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Yessenov University студенті Өтебай Оралбай финалға өтті. АКТ жарысының ұлттық финалы 11 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтті, оған өңірлік байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

Фото: yu.edu.kz

Yessenov University студенті Өтебай Оралбай ең жоғары балл жинап, барлық қатысушылар арасында «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» Ұлттық финалының жеңімпазы атанды.

Оралбай 18-21 желтоқсанда Бахрейн қаласында өтетін Халықаралық байқауда Қазақстанның атынан қатысады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды